Талибан баскесерлері Ауғанстанның 70 сарбазын қырып салды

/uploads/thumbnail/20170710034449515_small.jpg

Талибтердің  Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шарифа қаласының маңындағы әскери базаға жасалған шабуылдан  70-ке жуық сарбаз  қаза тапты. Шабуыл кезінде көз жұмғандардың саны әлі де артуы мүмкін.  Талибтер арасынан 10 лаңкес қаза  тапқан деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC news-ке сілтеме жасап.

Ауған билігінің хабарлауынша,  Талибтер сарбаздардың әскери киімін киіп басқа да әскерді өлтірген. Талибтер әскери гарнизондағы мешіттен жұма намазынан шығып келе жатқанда шабуыл жасалған. Асханада отырған әскерилерді де қырып салған.

Талибтер  қорғанысты бұзу үшін жанкештілерді  пайдаланғанын айтқан. Қақтығыс 1 күнге созылды. 

Қатысты Мақалалар