Пентагон Сириядағы лаңкестік барлау операциясы кезінде ДАИШ белсенді мүшесінің көзін жойды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC news-ке сілтеме жасап.
Әскери операция елдің шығысындағы Майадин аумағында жасалған. АҚШ қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, өлтірілген лаңкес Өзбекстан азаматы Абдрахмон Өзбеки.
Пентагон оның ДАИШ басшысы Абу-Бакр аль-Багдати-дің жақын көмекшілерінің бірі болғандығын растады. Абдрахмон Өзбеки 1-ші қаңтарда Ыстамбұл қаласындағы Reina түнгі клубына шабуылды ұйымдастыруға қатысқан.
Естеріңізге салай кетейік, шабуыл салдарынан 39 адам қаза тапты. 17-ші қаңтарда Түркия полициясы түнгі клубтағы шабуылға қатысқан күдіктіні ұстаған. Террактіні жасаған өзбекстандық Абдулкадир Машарипов екені расталған.