Досжан Табылды әйгілі Брюс Лидің образын жасады (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710034536203_small.png

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты, балет әртісі Досжан Табылды Брюс Ли туралы би орындады - The Drag­on dance (Айдаһар биі). Бұл туралы Қамшы ақпараттық агенттігі   Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.  Трейлер форматындағы видеоролик әйгілі Брюс Ли туралы түсірілген, нақтырақ айтқанда оның голливудтық "Игра смерти" деп аталатын картинасының желісінде түсірілген. Жаңа видеороликтің сюжеті бойынша бас кейіпкер жапон композиторы Широ Сагисудың (Shiro Sagisu) A Fight­ for Our Motherland музыкасына классикалық балет билеп, басқа би мәнерлерімен жарысады. 
Роликте күрделі би элементтері, классикалық балет өнерінің қимыл-қозғалыстары орындалады. 

"Аңызға айналған Брюс Лидің образы арқылы жастардың назарын балетке аударып, балеттің би өнерінің шыңы екенін көрсеткіміз келді", - дейді Досжан Табылды.  Миллиондарға үлгі болған Брюс Ли рөлінде Досжан Табылды ойнайды. Түрлі би мәнерлерінің шеберлерін қазақстандық белгілі бишілер орындаған.


 

Қатысты Мақалалар