Қытайдағы қазақ кәсіпкерлері - Алматыда

/uploads/thumbnail/20170708150801593_small.jpg

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасында ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқан құрастырған «Қытайдағы қазақ кәсіпкерлері» атты кітаптың тұсаукесері өтті. Тұсаукесерге елдегі қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері және кітапқа енген Қытайдағы қандас кәсіпкерлер қатысып, пікір алмасты.

Кітапқа ҚХР-да кәсіпкерлікпен айналысып табысқа жеткен 45 қандасымыз енген.  Олардың өмірбаяндары, серіктестіктері туралы қысқаша мәліметтермен қоса, суреттер берілген. Жиын соңында Мұратхан Шоқанға кәсіпкерлер сужаңа ТОЙОТА Каролла автокөлігінің кілтін табыс етті. Алдағы  уақытта Қытайлық қазақ кәсіпкерлері отандық кәсіпкерлермен кездесіп, өндіріс орындарын аралап көрмек. Аталмыш кітаптың электронды нұсқасын біздің порталдан оқи аласыздар.

Естеріңізге сала кетейік, М.Шоқан осыдан бір жыл бұрын, атажұртқа оралып түрлі салада жетістікке жетіп, ел дамуына үлес қосып жүрген азаматтар туралы «Тәуелсіздік жемісі» атты кітапты жарыққа шығарған болатын.

Кітапқа енген кәсіпкерлердің тізімі:

1. Айдарханқызы Зиятқан, «Зият» сән орталығының директоры

2. Ақанқызы Лина, Бейсенбі атындағы Қолөнер кестешілік серіктестігінің төрайымы

3. Алимазанұлы Қайрат, «Алтай Хайлұң» импорт-экспорт ЖШС-ның директоры

4. Ахметұлы Айқын, Шыңжаң «Дәулет» халықаралық ЖШС-ның директоры

5. Ахметұлы Айбек, Шыңжаң «Ата» ғылым-техника дамыту серіктестігінің, Шыңжаң «Ана» компаниясының директоры

6. Әбдіқадырұлы Рахат, Шыңжаң «Шуақ» импорт-экспорт ЖШС-ның, Шыңжаң «Шуақ» оқу-ағарту және мәдениет дамыту ЖШС-ның, Буыршын ауданы Ақкүнгейті ұлт мәдениеті саяхатын дамыту ЖШС-ның директоры

7. Әбдіманапұлы Қалмұрат, Шыңжаң «Қали-Гроупп» импорт-экспорт компаниясының директоры

8. Әділханқызы Бағдана, «Сая» қостілді кәсіптік өнер мектебінің директоры

9. Әлболатұлы Бақыт, «Алатау» маркалы кілем патентінің иегері

10. Бармақұлы Жарқын, «Ұлы тау» ет-сүт өнімдерін мәнерлеу зауытының директоры

11. Дәлелханұлы Қайрат, «Алмалы» музыкалық клуб мейрамханасының директоры

12. Дәулетұлы Жеңіс, Шыңжаң «Алакеуім» импорт-экспорт ЖШС серіктесігінің директоры

13. Дәулетханқызы Жаңыл, «Мәйек» импорт-экспорт халықаралық сауда ЖШС

14. Талғатбек Дүйсенбіұлы, Үрімжі «Орда ою» ЖШС директоры

15. Еменжанов Әбілашім, «Шаулин» халықаралық сауда серіктестігінің «Мұнар-munar» компаниясының директоры

16. Жармұхаметұлы Серік, Жеменей-Еділ импорт-экспорт сауда серіктестігінің директоры

17. Зейнелұлы Болат, «Ақбұлақ» сауда серіктестігінің, «Ақбұлақ» қазақи тағам өндіру зауытының директоры

18. Кәрімұлы Мұрат, «Ташен-Юншэн» ЖШС директоры

19. Көкенайұлы Серік, Халықаралық импорт-экспорт сыртқы сауда серіктестігінің директоры

20. Қажыбекұлы Мәди, Шыңжаң «Аламан» халықаралық ЖШС директоры

21. Қажытайұлы Құсман, Үрімжі қалалық «Азия интернет технологиясы» серіктігінің, Шәуешек қалалық «Хұңли» импорт-экспорт ЖШС директоры

22. Қайдарұлы Азат, «Ұлағат» энергия үнемдеу, басқару ЖШС директоры

23. Қасымханұлы Жарқын, «Данияр» сыртқы сауда серіктестігінің директоры

24. Қауарияұлы Алтайбек, «Нысана» имопрт-экспорт компаниясының директоры

25. Құсайынқазыұлы Асылбек, «Бектер» халықаралық ЖШС директоры, Шыңжаң «Кереге» болат құрылымды түсті тақтай ЖШС директоры

26. Қызырұлы Ерзат, «Достар» ЖШС директоры

27. Мақатқызы Күнігүл, «Елдар» халықаралық сауда ЖШС директоры

28. Манапұлы Құсайын, «Алатау» маркалы қазақы дастархан және компасты жайнамаз патентінің иегері

29. Мағауия Бағира, «Бақыт» өнер мектебінің, «Бақыт» шеберханасының директоры

30. Мәлікаждарқызы Гүлбақыт, «Қыран» саяжайының директоры

31. Мұхаммадан Есбол, Шыңжаң «Караван» импорт-экспорт ЖШС директоры

32. Мырзашқызы Майра, «Жібек жолы» сыртқы сауда серіктестігінің директоры

33. Нұрданақынқызы Жеңісгүл, «Тасбұлақ» ұлттық киім кәсіпорнының директоры

34. Нұрқасымұлы Айқын, Шыңжаң «Жеті ырыс» Халықаралық ЖШС директоры

35. Нұрмұханұлы Ербосын, «Жаңа әуен» концерттік серіктестігінің директоры

36. Омарханұлы Нұржан, «Нұрбағыт» импорт-экспорт ЖШС директоры

37. Оразбекқызы Сәуле, «Ұшқын өшпейді импорт-экспорт ЖШС директоры

38. Салихұлы Жанат, Шыңжаң «Сақ» халықаралық ЖШС директоры

39. Сартбайқызы Бақытнұр, Шыңжаң «Бақытнұр» кеншілік серіктестігінің директоры

40. Сымағұлұлы Ысқақ, «Ақжол» маркалы аяқ-киім патентінің иегері

41. Тазабекұлы Меллат, «Дастархан» маркалы желілес өнімдер серіктестігінің директоры

42. Тұрсынұлы Мұхтар, Шыңжаң «Керуен» импорт-экспорт серіктестігінің директоры

43. Тұрсынұлы Нұрмұхаммет, «Ұшбұлақ» импорт-экспорт ЖШС директоры

44. Төреханұлы Дукен, «Қуат» ЖШС директоры

45. Шаймарданұлы Дәмей, Шыңжаң «Жеті жұлдыз» халықаралық сауда серіктестігінің директоры

"Қамшы" ақпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар