Қырымда су асты зерттеу экспедициясының қатысушылары Boy Federsen кемесін (бұрынғы Харьков) тапты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі gazeta.a42.ru-ға сілтеме жасап. Ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде батып кеткен.
Кеме 90 метр тереңдікте табылды. Ол фашистердің Қырымдағы тартып алынған бағалы заттарды алып келе жатуы мүмкін деген болжам бар.
Мамыр айында табылған кемені тереңірек зерттеу жоспарлануда.