ЕЛБАСЫ РЕЖИССЕР АҚАН САТАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710042412158_small.jpg

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі режиссермен отандық киноның қазіргі ахуалы туралы әңгімелесті деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Президенттің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті біртұтас ұлттың қалыптасуы, тәуелсіз республикамыздың жаңа елордасының салынуы туралы тақырыптар жаңа кинотуындылар түсіру үшін маңызды екенін атап өтті.

Елбасы тарихи сәттерді түсіруге қатысты көзқарасын білдіріп, отандық кинематографияның келешектегі дамуы туралы ойларын ортаға салды.

А.Сатаев Мемлекет басшысына өзінің кино саласындағы жұмыс жоспарлары жөнінде айтты.

Елбасы кездесу соңында режиссерге шығармашылық жетістік пен табыс тіледі.

Қатысты Мақалалар