Өскеменде көлік жүргізушісі бойжеткенді суицидтен құтқарып қалды

/uploads/thumbnail/20170710042421642_small.jpg

Өскеменде өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Ертіс өзенінің үстіндегі көпірден секіріп кетуге оқталған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі yk-news.kz-ке сілтеме жасап.

Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша, 26 сәуір күні 18:00 шамасында жас қыз Ертіс өзені үстіндегі көпірден төменге қарай секірмекші болған.

“Мен көпір жақпен өтіп бара жатып, қыздың секіруге дайындалып жатқанын байқап қалдым. Дереу көлікті тоқтатып, оның қолынан тартып үлгердім”, – дейді Виталий Бақтыбаев.

“Виталий Бақтыбаев өз ісінің шебері және арда азамат. Ол оқиғаның қалай болғанын баяндап берді. Ол өрт сөндіру саласында 17 жылдан бері табан аудармай жұмыс істеп келеді”, – деді қалалық ТЖБ өкілдігі.

Қатысты Мақалалар