Англиялық Норт-Йоркшир округіне жататын Уэст Хэслертон ауылы 2016 жылы 20млн. фунт бағамен сатылымға қойылған болатын деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі BBC news-ке сілтеме жасап.
Ауылда 43 үй, одан бөлек 21 бөлмелі қора-жай және 2116 акр (Англия мен Солтүстік Америкада 4047 шаршы метрге тең жер өлшеуі) жер телімі бар.
150 жыл бойы бұл ауылды бір әулет басқарып келген. 2010 жылы осы әулеттің мүшесі ауылдың оңғы иесі Ив Дануэйдің 84 жасында қайтыс болуына байланысты сатылымға қойылған екен.
Ауылдың жаңа иесі Британиялық Albanwise инвесторлық компаниясы.
Ауыл сатылымға қойылған кезде оның тұрғындары қатты алаңдаушылық танытып, бұл жағдайды дәуірдің соңы деп атапты. Жыл сайынғы ауыл кірісі 388 мың фунтқа тең екен.