Актер, әнші Нұрболат Абдуллин "Сен қорқақсың" деген ән жазып, оған бейнебаян түсірді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Түрік әнінің ремейкі болып табылатын "сен қорқақсың" қазақ қыздарына арналған екен. "Келмейсің деп қыз да араз, өзің неге келмейсің деп сол қызбенен біз де араз" болған заман. Музыкасы көңілді, сөзі қызық "жаңа" туынды әнсүйер қауымның көңілінен шығады ма екен?