Жүрексіз қоғамда сезім іздегендер тағдыры «Өмір» драмасында суреттеледі

/uploads/thumbnail/20170710043615450_small.jpg

2016 жылдың  наурыз  айында  С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының сахнасында Б.Бекжановтың «Өмір»  атты туындысы  сахналанып, көрермен көзайымына айналған еді. Бүгінгі күн тақырыбын арқау еткен заманауи қойылым  қоғам дертін  астарлы меңзейді. Кейіпкерлер тағдырының өрбуі арқылы есепке құралған тұрмыс, ақша қажеттілігі үшін арын сатуға мәжбір бойжеткен,байлыққа кенелген бай-қуатты өмір мен адамдық және ар жолын іздеген бас кейіпкер Өмір арқылы үш түрлі тағдыр, үш түрлі өмір жолы суреттеледі.

Спектакльдің қоюшы режиссері ҚР Мәдениет қайраткері, Абай фестивалінің күміс жүлдегері, 85 жылдық  тарихы бар Сәкен театрының сахнасында сан қырлы образдарды сомдаған талантты актер, жазушы Сламбек Әйнекбайұлы Жұмағали. Режиссерлік қолтаңбасы қалыптасқан, автор ойына өзіндік пайымын шебер үйлестіруші режиссер С.Әйнекбайұлының  қай қойылымы болмасын өзекті тақырыпты қамтып, театр репертуарындаға маңызды қойылымға айналады. «Өмір» спектакльінің бас кейіпкерлерін театрдың  талантты актерлері  А.Мұқашев (Өмір), К.Үйсімбаева (Айна) сомдайды.

Жастар үшін сүйікті қойылымға айналған «Өмір» спектаклі бүгін 28 сәуір күні (баст.18-30) Сәкен театрында сахналанады. Махаббат машақаты мен сезім сергелдеңі, күтпеген кездесу мен аяушылық сезімі, жүрексіз қоғамда сезім іздегендер тағдыры суреттелетін қойылымды жіберіп алмаңыздар!

Назерке Сланбек

Қатысты Мақалалар