Елизавета II-нің қытайлық сыңары шошқа фермасынан табылды

/uploads/thumbnail/20170710043735326_small.jpg

85 жастағы Шенг Суженнің танымалдылыққа ие болуына күйеуі мен шөберелері себеп болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасай отырып.

Мәселенің мән-жайына келер болсақ, олар оны Елизавета II образында киіндіріп, арнайы фотосессия ұйымдастырған. Содан кейін шошқа фермасының бұрынғы қызметкері кенет танымал бола бастайды.

85 жасқа келген қарт әжей жайлы бұрынғы қызметтес әріптестері тек жағымды пікір айтуда. Шенг Сужен олардың айтуынша, еңбекқор әрі тәуелсіз адам. Өмірде әртүрлі қиындыққа тап болса да (жұбайы оны 7 баламен тастап кеткен) Шенг Сужен өмірге деген құштарлығын жоғалтқан емес.

Қытайлық әлеуметтік желілердің қолданушылары әженің сыртқы келбетіне, әдемі күлкісіне дән риза. Көбісі «мен де қартайғанда осындай болғым келеді» деп пікір қалдырған.

Аударған: Жазира Байдалы

 

 

Қатысты Мақалалар