Италия аруы атанған сәнбикенің бүгінгі кейпі халықты шошытты (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710043717154_small.jpg

Джессика Нотаро есімді сұлу 2007 жылы «Италия аруы» байқауының финалына шыққан. Содан бері оны халық тани бастады. Нотаро сәнбикелікке бет бұрды. Телеарнада түрлі бағдарлама жүргізді. Әнші болуды мақсат тұтты. Тіпті бір ән жазып үлгерген.

Алайда жақында болған оқиға оның өмірін мәңгілікке өзгертті. Джессика Нотароның бұрынғы жігіті Жорж Эдсон Таварес  қызға күкірт қышқылын шашып жіберген. Соның салдарынан көз, бет, аяғы күйген. Дәрігерлер сәнбикенің бет әлпетін толық қалпына келтіре алмады. Қазір олар Джессиканың көру қабілетін сақтап қалуға тырысуда.

Полицейлер Жорж Эдсон Таваресті ұстады. Жігіт өз кінәсін мойындамай отыр. Джессика бұған дейін бірнеше мәрте Таварестің қорқытқанын айтып арызданған.

Джессиканың айтуынша, Эдсон Таварес өте жақсы адам болған. Алайда екеуі айырылысқаннан кейін мінезі күрт өзгерген. Қызды аңдып, қорқытуды шығарған.

Сәнбике бірнеше ай ауруханада жатқан. Халықтың көзіне көрінуге ұялған қыз жақында телеарнаға шығуға бел буады. Джессиканың айтуынша, шабуылдан кейін Джессика көру қабілетін сақталып қалуын құдайдан тілеген. Ал бұрынғы сұлулығы жайында айтудың өзі артық екенін айтады.

Нотаро көзге арналған дәріге айына 600 доллар жұмсайды екен. Сонымен қатар, күнде ауруды басатын дәрі ішіп, маска киіп жүруге мәжбүр. Сәнбикеге әлі күнге шығуға болмайды.

Пластикалық операция жасау әлі ерте. Дәрігерлердің айтуынша, Джессика бір жыл күтуі керек.

Джессика телеарнадан бұрынғы жігітіне хабар жолдады.

«Сенің маған не істегеніңді көргеніңді қалаймын. Бұл махаббат емес» деді қыз.

 

 

Қатысты Мақалалар