Скандинавиялықтар үшін 20 градус суықта баламен далада қыдырып жүргені қалыпты жағдай. Суық жел, қалың қар, ызғарлы ауа-райы бала үшін ыңғайлы ауа-райы емес. Алайда Скандинавияда суықта ұйықтаған балаға пайдалы деп есептейді.

Супермаркеттің алдында қаптап тұрған коляскаға ешкім таң қалмайды. Аналары азық-түлік сатып алып жатқанда, балалары далада ұйықтап жатады. Кейбірі бұл балаға пайдалы екенін айтады.

Бір сағат бойы далада ұйықтаған баланың анасы, енді баласының тұмаумен ауруы екі талай екенін айтады.

Шын мәнісінде скандинавиялық аналардың бұл әрекеті дәстүрге сай жасалған. Бұл дәстүрді балабақшада да қолданады.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша, далада ұйықтаған баланың ұйқысы жақсы болады.

Ата-аналар балаларын тым қатты қымтайды. Педиатрлар баланың зат алмасу процессі үлкендердікінен қарағанда қарқынды жүретінін айтады. Сонымен қатар, баланың денесі жылуды көп бөледі. Баланың кішкентай кезінде термореттеу тыныс алу арқылы одан кейін ғана терісінен өтеді. Термореттеуге жауап беретін тері безі сәбилерде жақсы дамымаған. Сондықтан мамандар баланы қатты қымтамауға кеңес береді.
