22 сәуір күні TNA ережесі бойынша кикбоксингтан Қырғыстан тумасы Дастан Шершеев Қазан қаласында жекпе-жек өткізген болатын. Оның айқын басымдылығына қарамастан Ресейлік төреші Антон Калинин жеңісті қарсыласына берді. Жекпе-жек соңында ол рингтен кетпей өзінің жеңгенін айтумен болды. Ертесі күнгі ғаламторда жарияланған видеода Ресей төрешісінің оған қоқаң-лоққы көрсетіп, егер шешімге көнбейтін болса Ресейден жер аударып, немесе түрмеге жабатынын айтып жатқандығын аңғаруға болады.
Күзетші оны рингтен шығаруға тырысқан кезде, жүргізушіден микрофонды жұлып алып: «Иә, барлықтарыңыз көрдіңіздер менің жеңгенімді», - деп айғай салған. «Өздеріңізге сұрақ қойыңыздаршы: бұл әлемде қайда әділеттілік бар? », - деп жүрек назын білдірген. Сонда жанкүйерлердің бірі: «ақшада», - деп айғайлаған. «Әлде менің терімнің түсі бірдеңе білдіре ме? », - деп ақ қалпақ киген қырғыздың батыры күйінішін жеткізген.
Пікір қалдыру