Кубада жоғалған Ан-26 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

    Assem Almuhanbet
    Кубада жоғалған Ан-26  жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

    Радарда көрінбей кеткен Ан-26 жолаушылар ұшағы жарылды деп хабарлайды, - Қамшы ақпараттық агенттігі Ciber Cuba-ға сілтеме жасап.

    Басылымдардың   мәліметінше, әуе апаты  шалғай  аумақта  болған  және  ұшақ  бортында  болғандардың  ешбірі  тірі  қалмаған.  Ақпаратты растаушы Aн-26 ұшағының  иесі – Aerogaviota компаниясы.

     NTN24  арнасының  хабарлауына қарағанда  лайнерде  39  адам  болуы  тиіс  болған. Ұшақ  Баракоа  әуе  жайынан  елдің шығысына  қарай  ұшқан. Жоғалудан аз уақыт  бұрын  ұшақ  Пинар-дель-Рио  аралының  бастысында байқалған.

    Алайда  бүкіл  әлемдік  ұшу бағытын бақылайтын  Flightradar24  веб-қызметі  бұл ақпарды  растай  алмады.

    Қатысты Мақалалар