Бүгін – Рейхстагқа жеңіс туы тігілген күн

/uploads/thumbnail/20170710044655754_small.jpg

Бүгін қазақ батыры Рақымжан Қошқарбаевтың рейхстагқа ту тіккен күні деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Рақымжан Қошқарбаев майдан кезіне өзінің взводымен  ең алдынғы шептерде болып, өз өмірін қауіпке тікті. Кейін оған «Гитлердің үйінен» Рейхстагқа дейін барып, Қызыл туды тігу туралы тапсырма берілді. «Гитлер үйінен» Рейхстагқа дейінгі арақашықтық 360 метр ғана болғанымен, ол жер аса қауіпті, жан-жағы қоршауға алынған ашық алаң болатын. Толассыз жауған оқтың арасында 7 сағат бойы арпалысып, аталған жерге жетті. Рейхстагқа Григорий Булатов есімді жауынгермен бірге жетіп, бұйрықты орындады. Бұл тарихи оқиға 30-сәуір күні, сағат 18:30-да  болған еді. Бұл хабар бүкіл елге таралып, баспасөз беттерінде жарыса жарияланды. Қазақтың бірегей батыры 1988 жылы дүниеден өтті. Халық қаһарманы атағы Рақымжан Қошқарбаевқа 2001 жылы берілді.  Көптеген қазақтың батырларынан айрылған сол бір сұрапыл соғыстың азабы мен естеліктерін жүрегі қазақ деп соққан әр азамат ұмытқан жоқ, ұмытпайды да. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар