33 жылға созылған «біртүрлі» махаббат

/uploads/thumbnail/20170710050429301_small.jpg

Қамшы ақпараттық агенттігі уақыттың сынынан өткен ерекше махаббат хикаясын оқырман назарына ұсынады.

Рик Хэйворд пен Карен Линч алғаш рет орта мектепте оқып жүргенде танысқан болатын. Ол кездері жаста небәрі 17 еді.

Каренді ұнатқан Рик оны кездесуге шақырады. Кездесулері сәтті өткен Карен Рикті жай ұнатып қана қоймай, бұл сезімнің алысқа баратынына, бәрі жақсы болатынына сенімді болған. Алайда ол тіпті қоңырау шалмаған. Арада 33 жыл өтеді...

33 жыл өткен соң Риктің оған қоңырау шалмауының себебі белгілі болады. Шын мәнісінде, Рик звондауға ұялыпты. Телефонға жақындаған сайын сөйлесуге батылы жетпеген ол ойынан айнып қалған.

Сол арада екеуі де үйлі-баранды болған. Жеке өмірлерінде жолдары болмай, ажырасып кеткен. Бір-бірлерін 33 жылдан соң Facebook әлеуметтік желісі арқылы тауып алған. Бұл жолы Рик ұялмай, қысылмай, батыл қадамға барып, алғашқы махаббатын Каренді кездесуге шақырады.

Рик пен Карен сол кезде бір-бірінен ұялмаса, өмірлері қандай болушы еді деп ойланбауды жөн деп тапты. Бүгінгі күнмен ғана өмір сүретін олар жақында некелерін қиды.

Дайындаған: Жазира Байдалы

 

 

 

Қатысты Мақалалар