Әнші Ибрагим Ескендірдің «Оян Қазақ» атты әні жарыққа шықты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.
«Көк тудың желбірегені», «Аманат», «Қазақстаным», «Қазағым» сияқты рухты әндерімен халыққа танылған әнші Ибрагим Ескендірдің ақын Серік Сейтманның сөзіне жазылған «Оян Қазақ» атты жаңа әні әлеуметтік желіде лезде тарап кетті.
Алаш арысы Міржақып Дулатұлының сөзін еске салатын ән Алашорданың 100 жылдығына арналған. Әншінің айтуынша алдағы уақытта «Оян қазақ» әніне клип түсірілетін болады.