Халықаралық Олимпиадалық комитет биылғы шілдеде Осло, Алматы (Қазақстан) және Бейжіңді (Қытай) 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге үміткер етіп бекіткен болатын. Nur.kz-тің хабарлауынша Норвегия Ослода 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге берген өтінішін қайтып алған. Бұған үкіметтің тиісті қаржылық кепілдеме беруге дайын еместігі себеп болыпты. Ослоның қаржылық қолдау көрсету жөніндегі өтінішіне сәрсенбі күні Норвегияның консервативтік партиясы қарсы дауыс берген.
Бұдан дейін Стокгольм (Швеция), Краков (Польша) және Львов (Украина) ойындарды өткізуден бас тартқан. 2022 жылғы Олимпиада астанасы келер жазда Малайзияда белгілі болады. 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Сочиде өтсе, 2018 жылғы астанасына октүстіккореялық Пхенчхан таңдалған.
Қамшы-ақпарат
Пікір қалдыру