Кеш. Алматы қаласының күнделікті күйбең тіршілігі. Қыстың қытымыраязы қатты тоңдырады. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, үйлеріне асыққанжандар.М.Әуезов атындағы театрда сахналанған «Қоштасқым келмейді» аттыспектакльінен керемет әсер алып келе жаттық. Абай мен Тұрғыт Озал көшесібойында тұрмыз. Алыстан бірнеше көліктер көрінеді. Сол көліктердің біреуіжанымызға келіп тоқтады. Жатақханаға асыққандықтан, көлікке мініп, бараржерімізді айтып, ыңғайланып отыра бастадық.Көлікте ойнап жатқан Төреғали Төреәлінің әдемі әуенімен , «қарт»Алматының көшелерімен кетіп бара жатырмыз. Әдемі көлікке жайғасып, ауа-райының суығынан көліктің ішіндегі жылытқышпен жанымдағы құрбыларым жылына бастады.
Көліктің ішіндегі жинақылық пен тазалықкөлік иесінің ұқыпты жан екенін бірден аңғартты. Арасында пысығы болыпжаймен әңгімемді бастадым.Ағайдың түр-әлпеті 50-55 жас шамасындағы ер адам, бетіне аздап әжімтүскен. Қиындығы мен қуанышы қатар өмірді кешкені әңгімесінен байқалды.Ағайдан ептеп оның өмір жолын, қызметін, отбасын сұрай бастадым. Ол әңгімесін әріден бастады. Өмір жолында көрген қиыншылықтары аз болмаған екен. Сәби кезінен бастап балаларүйінің тәрбиеленушісі болып, кәмелеттік жасқа толған соң өз еркімен өмірсүрген. Өз еркімен еңбектеніп, білім алып, қаражат тауып, жанұя құрған. Бірақ, аз уақыттан кейін жұбайымен сөзге келіп, отбасылық өмірі межелі жерге жетіп, ажырасыптынған. Қазір жападан жалғыз өмір сүреді. Балаларымен кейде ғана араласып тұрады. Өмірден қиындық көріп, сол қиындыққа әлі де төтеп беріп кележатыр. Осы күніне алғыс айтып, Аллаға тәубе дейді. Алайда, жар бақыты,бала бақытын көру бұл кісіге бұйырмаған нәрсе екен.
Такси жүргізушісі болатұра, ай сайын алатын айлығы жиырма мың теңге. Бұл қаражат оның непәтерін төлеуге, не балаларының шығынын өтеуге жетпейді.Күнделікті тірлігі такси жүргізушісі ғана. Арнайы жоғарғы білім беруорнында алған білімі болса да, такси жүргізушісі болған оған ұнайды. Ол кісінің айтқан әрбір сөзін, жадымызда сақтадық. Өмірде сан түрлі адам болса, сонша тағдыр болады. Сол тағдырдыңқиыншылығына төтеп беріп, қарсы тұра алсақ жеңіске жетеміз. Қарсы тұраалмасақ, сол жолдың нақ ортасында қаламыз. Бұл кісінің тағдыры дәл осығанкеледі. Сөзіне құлақ асар болсақ, уақытты кері қайтарғысы келетіндейкөрінді. Ақша, абырой жай ғана көз бояушылық нәрсе екенін, ең бастысыотбасылық бақыт екенін түсіндік.
Бұл кісінің өмір жолы, ауыр болғаны әрбір айтқан сөзінен байқалады. Ағайдың межелі жерге жеткендегі айтқаны, бар бақыттарыңды бағалаңдардеген сөзі еді. Көліктен түсіп, алғысымызды айтып, жатақханаға қарай қадамбастық.