Жерден де жасы үлкен метеориттер сатылымға шықты

/uploads/thumbnail/20170710052103258_small.jpg

Нью-Йорктегі атақты «Кристис» аукцион үйі жыл сайын дәстүрлі онлайн-аукцион өткізіп тұрады. Биылғы жылғы аукционға жасы миллиардтаған жылдан асатын метеориттерді сатылымға шығарды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі life.kz-ке  сілтеме жасап.

Онлайн-аукционда мың мен 120 мың доллар арасындағы соммаға ғарыштық байлықтарды сатып алуға болады.  Аукционға қойылған коллекция атауы «Терең байланыс. Ай, Марстық сирек метеориеттер» деп аталады. 

Бағалы әрі сирек кездесетін метеориеттерге  жаны құмар кез келген адам өз талғамына сай бағалы затты аукционнан таба алады. Түрлі өлшемді болып келетін үлгілер Марс пен Жердің жасанды серігінде  де кездеседі. Олардың ішінде хризолин секілді бағалы тастармен көмкерілгендері де бар.

Метеориттер - Жер шарының атмосферасынан өткен құйрықты жұлдыздың қалдықтары. Олар өте сирек кездеседі және көздің жауын алып тұратын теңдессіз сұлулыққа ие. Көпшілікке ұнайтыны да осы екі қасиеті.

Аукционға қойылатын метеоритеттер барынша үлкен көлемде және ерекше пішінге ие болуы керек. Пішіні қаншалықты ерекше болса, бағасы да соншалықты артып отырады.

Биылғы жылы аукционға қойылған метеориттердің ішіндегі ең қымбаты Мексика қаласынан табылған. Оның бойында Жер шарында кездепейтін көміртектес материалдар бар. Ал оның жасы 4,56 млрд. жылға жетеді. Жалпы алып қарағанда біздің ғаламшарымыздан жасы үлкен.

Аукционға қойылатын әр бір метеоритет алдын ала нөмірленеді және қай жерден табылғаны жайлы нақты мәлімет беріледі. 

Қатысты Мақалалар