Меркель Путинді сепаратистерге ықпал етуге үндеді

/uploads/thumbnail/20170708154652599_small.jpg

Германия канцлері Ангела Меркель Ресей Украинаның оңтүстік-шығысындағы сепаратистерге ықпал етуге міндетті деп мәлімдеген. Бұл жайында Меркель Ресей президенті Владимир Путинмен телефонмен сөйлескенінде айтқан.

Азаттықтың жазуынша, екі ел басшылары Украинада күн сайын зорлық-зомбылық болып жатқанына алаңдаушылық білдірген.

Меркель Украина мен Ресей арасындағы шекара бақылауға алынуы қажет екенін және оны жүзеге асыруда ЕҚЫҰ-ның рөлі үлкен екенін айтқан. Ол Германия ЕҚЫҰ-ның Украинадағы миссиясын қолдай беретінін білдіріп, оның алда жоспарланған аймақтардағы сайлаулар кезінде Донецк мен Луганскіде маңызды рөл атқаратынын айтқан.

Қамшы-ақпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар