Келесі жылдан бастап, мұғалімдердің жалақысы орта есеппен 15-29 пайызға көтеріледі. Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде талқыланды, бұл жайында Tengrinews.kz хабарлады.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ішкі бақылау департаменті директоры Гүлнәр Әлімбекованың айтуынша, мұғалімдер жалақысы 15-29 пайызға көтеріледі. "Мысалы, лауазымдық айлықтың 10 пайызы көлеміндегі біліктілік санаты, дәптер тексеру, сынып жетекшілігі, ерекше еңбек жағдайы сияқты 1 сәуірден бастап енгізілген төлемдерді есепке алғанда, бүгінде 14-17 жыл еңбек өтілі бар жоғары санатты мұғалімдердің жалақысы - 81 мың 548 теңге. 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап, аталған төлемдерді есепке алғанда, бұл жалақы 109 мың 527 теңге болады"
Департамент директорының айтуынша, ауыл мектептерінде жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысында өсім пайызы жоғары болады. Ал, министр Аслан Сәрінжіпов болса, ынталандыруды арттыру үшін үстемеақы жүйесі енгізілетінін айтты.
Қамшы-ақпарат
Пікір қалдыру