Бар екені рас па? Елестер арамызда...(ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170710054315942_small.jpg

Табиғатта тылсым дүние көп. Елестер - адамзат баласына баяғыдан таныс жұмбақ дүние. Кейбірі бұл тылсымның бар екеніне сенсе, екінші бірі "ойдан шығарылған" деп ойлайды. Алайда, елестер де өздерінің бар екенін анда-санда адамзат баласына "білдіртіп" жүреді.  Елестердің барына сенбейтіндер мұны мойындамайтын шығар. Қамшы ақпараттық агенттігі  "мүмкін емес, бірақ шын"  фотосуреттерді назарларыңызға ұсынады. 

Бәріміз білетін Америкадағы қайғылы жарылыста, осы "тылсым" бейне суретке түсіп қалғанын CNN жариялап еді. Қазірге дейін жұмбақтың шешімі табылмады.

1997 жылы Дениз Рассел есімді бала өз әжесін суретке түсірген. Нәтижеде, суретте жалғыз адамның бейнесі шықпаған. Белгілі болғандай, суреттегі бейне қайтыс болғанына көп жылдар өткен атасыныкі екен. 

Келесі сурет Американың Техас штатындағы поезд станцияларының бірінің маңында түсірілген. Бұрындары осы жерде бір топ мектеп оқушылары қайғылы жағдайда көз жұмған екен. Қазіргі күнде дәл осы жердегі елестер тұрғындардың мазасын алып біткен.

Келесі суреттегі тығылып тұрған адам Фредди Джексон. Иә, бәрі дұп-дұрыс сияқты. Бірақ, бұл адам осы сурет түсірілмей тұрып 2 күн бұрын қайтыс болған. Достары суреттен оны жақсы таныды, алайда, "ол қайтыс болып еді ғой" деп бастарын қатырған.

Келесі сурет түсірілгенде, теледидар қосылмай тұрған көрінеді...

Өрт сөндірушілер мұны байқамаған...

Ал, мына суреттен адамға мүлде ұқсамайтын елесті аңғаруға болады...

Материалдарды жинаған: Алина Болатбек

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар