АҚШ-та белгісіз ер адам 3 миллион доллар тұратын америкалық суретші Кристофер Вулдың «Атаусыз 2004» деп аталатын картинасын бүлдірді деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі korrespondent.net-ке сілтеме жасап.
Оқыс жағдай Колларада штатының Аспенедегі Опера галереясында болған. Белгісіз адам картинаны бүлдірген соң, бірден ол орыннан ізін суытқан. Қылмыскер жайлы қазір ешқандай нақты ақпарат жоқ.
Музей қызметкерлерінің айтуы бойынша, қылмыскердің белгілі бір мақсатта ғана Вул картинасына тиісуі мүмкін. Аса назар аударатын жайт, оның неліктен Пабло Пикассо мен Марка Шагаланың картинасына тиіспегендігінде.
Осы оқиғадан 2 апта бұрын галереяға бір түрлі қоңыраулар жиі түсіп тұрды деп еске алады музей қызметкерлері.
Пікір қалдыру