Сталин жайлы тарихи анекдоттар

/uploads/thumbnail/20170710054330161_small.jpg

Сталин жайлы көптеген анекдоттар бар. Бірақ оның қайсысы шындық немесе өтірік екені белгісіз.

1.Бір еврей жауынгері  соғыс жылдары Матросовтың  ерлігін қайталап, пулеметті күртешесімен тосыпты. Ал өзіне ештеңе болмапты. Сосын жауынгерді батыр атағына ұсынатын кезде Сталин тұрып:

-Неге тірі қалған? деп сұрайды.

Сонда оған күртеше жайында айтса, ол жауынгерді тізімнен шығарып тастап,

-Маған демесе, денесімен тоссын! деген екен.

2.Бірде, Сталинге маршал Рокоссовский көңілдес тауып алыпты деген ақпар жеткізеді. Және ол әйгілі сұлу актриса  Валентина Серова екен.  Сосын әлгі, енді мұны не істейміз деп сұрайды. Сталин біраз ойланып тұрып, былай депті:

-Не істейміз, не істеуші едік....көре алмаймыз!

3.Соғыс кезінде Байбаковқа Сталин мұнай  кен орынын ашуға тапсырма береді. Сонда Байбаков оған мұның мүмкін еместігін жеткізеді. Мұны естіген Сталин тұрып: «мұнай болса, Байбаков  болады, ал егер мұнай болмаса, онда Байбаков та болмайды» деп жауап беріпті. Осыдан соң, Татарстан  мен Башқұртстан мұнай кен орындары ашыла бастайды.

4. «Победа» авто көлігін құрастырыратын кезде оған «Отан», яғни «Родина» деген атау беру жоспарланыпты. Мұны естіген Сталин: «Сонымен, бізде Отан қанша тұрады екен» деп сұрапты. Осыдан соң олар бірден көлік атауын өзгертіпті.

5.Мао Цзэдун Сталинде қонақта болған кезде, одан 20 млн. қытайды кеңестік Қиыр Шығысқа қоныстандыру жайында ұсыныс тастайды.Сонда Сталин: «Мендегі 200 миллионның өзі жетіп жатыр»,- деп жауап беріпті.

Дайындаған: Арафат Дербес

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар