Францияда сән көрсетілімінде және жарнамалық роликтерде арық аруларды көрсетуге қарсы заң қабылданды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Франция Денсаулық Сақтау Министрі Марисоль Турэн аталған заң әйел адамдардың, әсіресе бойжеткендердің денсаулығын жақсарту мақсатында қабылданғанын айтты. Министрдің айтуы бойынша, сұлуларға еліктеген тұрғындар көгілдір экраннан көрсетілетін қыз, келіншектерге ұқсау үшін өздерін қинайды, нәтижесінде көп салмақ тасталады. Бұл олардың денсаулығына кері әсерін тигізетіні анық. Енді, сәнбикелерге арналған талаптар да өзгертілді, олар денсауылығында кінәрат жоқтығы туралы анықтамасыз жұмысқа қабылданбайтын болды.
Осы жылдың 1-қазанынан бастап, фотографтар мен фотомодельдерге арналған заң күшіне енбекші. Заң бойынша, кез-келген компьютердің көмегімен өзгеріске ұшыраған суреттердің «сурет өзгеріске ұшыраған» деген белгісі болуы тиіс.
Арық сәнбикелерге қарсы заң Италия, Испания және Израильде де бар. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, Францияда 30 мың тұрғын анорексия (қусүйек) ауруына шалдыққан, оның 90 пайызы нәзік жандылар.
Аударған: Алина Болатбек
Пікір қалдыру