Димаш Құдайбергеннің Францияның танымал "France 2" телеарнасынан көрсетіліп жатқан шоудағы видеосы пайда болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Аталған шоуға қатысатынын әнші өзінің инстаграм парақшасында жариялаған болатын.
«Les années bonheur» деп аталатын шоу Еуропадағы ең танымал шоулардың бірі, Димаш осы бағдарламаның арнайы қонағы болып, өнер көрсетті. Франция халқы Димаштың талантына орындарынан тұрып, қошемет білдірді. Димаш "S.O.S. D'un Terrien En Detresse" әнін орындады.
Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген "Азияның ең танымал орындаушысы" номиниациясын жеңіп алған, Қытайда өткен "Мен әншімін" жобасының екінші орын иегері. Қазақстандық өнер иесінің талантын шет елдік бірнеше танымал әншілер мойындап, кездесуге шақырған болатын.
Пікір қалдыру