3 - 14 жас аралығындағы қыздарды педофилдерге жағдай жасау үшін пайдаланған қатігез әйел

/uploads/thumbnail/20170710054620571_small.jpg

Адамзат тарихында  адам  қанын мойнына жүктеген қанішерлер жетерлік. 19 ғасырдың соңында жеңіл жүрісті әйелдерге шабуыл жасаған Джек-Потроштың ісі әлі күнге дейін ашылмай келеді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

Валахия князі ІІІ Влад Цепеш өз заманын «мифтік Дракулаға»  айналдырған қанға құмар қанішер ретінде танымал.

Ал осыдан 500 жыл бұрын өмір сүрген венгерлік аристократка Елизавета Батори «қанішер графиня» ретінде белгілі.

Атлаған тұлғалар тарихта адамдарға деген қатыгездігімен сақталған.

Энрикета Марпти «Барселоналық қанішер» атанған әйел. Провинцияда дүниеге келген Энрикета жас кезінде астананы бағындыруға аттанады. Батсапқыда бала күтушісі болып жұмыс істеген. Көбірек ақша табудың жеңіл жолын іздеген Энрикета жеңіл жүрісті қыздардың қатарына қосылады.

Жеңіл жүрістің қазанында қайнап жүрген Энрикета 1909 жылы өзінің жеке мекемесін ашады. Соның арқасында сол аймақтағы көптеген тұлғалармен таныс болып, өз  ісін төңгелетеіп әкетеді. Бірақ бұл жерде  жеңіл жүрісті әйелдер ғана болған жоқ...

Энрикетаның қарамағында 3 жастан 14 жасқа дейінгі жас қыздар болды. Ауқатты педофилдерге жағдай жасау үшін жас қыздарды пайдаланған.

Алайда, бұл істің алысқа бармайтыны белгілі еді.  Көп ұзамай Энрикетаның ісі құрықталған. Энрикета өзінің ауқатты таныстарының арқасында сүттен ақ , судан таза болып ақталып шықты.

Ақаталып шыққан кейінгі Марптидің әрекеті педофилдердің ісінен де асып түседі. Кедей ауданда бір пәтерге орналасып, жүрегі жоқ «мадам» қайтадан бала ұрлауға көшеді.

Кезекті баланы қолға түсіріп, Энрикета оны өлтіреді. Сәбидің қанынан туберкулезге қарсы дәрі жасайды. Ал сәбидің майы, еті және сүйегінен астананың ауқатты әйелдеріне арнап крем әзірлейді.

Күндіз кедей адамның бейнесіне еніп, кеш болса ауқатты адамдардың ортасынан табылатын қанішердің ісі көп ұзамай қайта құрықталды. Ұрланған қыздардың бірі бөлме терезесінен көрініп, полиция қызметкерелеріне  хабарланған.

Марптидің үйінен адам мүшелерінен жасалатын дәрілердің мәзірі табылған. Тапсырыс берушілердің тізімі анықталған. Орта есеппен Марти 40 жас сәбидің ағзасынан түрлі дәрі-дәрмектер әзірлеген.

Сот шешіміне дейін қанішер әйел түрме қабырғасында өлтірілген. Тапсырыс берушілердің біреуі өз есімі аталмас үшін өлтіргені анық.

Бір өкінішітісі Энрикетаның бар іс-әрекетімен таныс болған тапсырыс берушілер еш жазаға ұшырамаған.  

 

Дайындаған: Айгерім ТАУБАЙ

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар