Францияда жаппай тәртіпсіздіктер орын алды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170710054631540_small.jpg

Франция астанасы Парижде митингілер өтуде деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Тәртіп бұзушылар фашизм мен капитализмге қарсы ұрандармен шыққан. Олар полицейлерге  бөтелке лақтырған. Осыдан кейін құқыққорғау өкілдері көзді  жасаурататын газды пайдаланған. Митингі болып жатқан аймақ қоршауға алынды.

Айта кетейік, Францияда президенттік сайлау өтті.  Эммануэль Макрон 66,06% дауысқа ие болған, ал оның қарсыласы Марин Ле Пен – Макроннан екі есе аз 33,94% дауыс жинаған. 39 жастағы Макрон елдің билікке келген ең жас президенті болып отыр.

Дайындаған: Әсем ӘЛМҰХАНБЕТ

.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар