Ресей әскері қан ауыстыратын қоспа мен мәңгілік жадты не үшін пайдаланбақ?

/uploads/thumbnail/20170710055339624_small.jpg

Ресей ғалымдары қан мен оптикалық жадты алмастыра алатын технология  ойлап тауыпты деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Life.ru-ға сілтеме жасап.

Ғажайып қоспа Ресейдің қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен жасалып шыққан. Бұл қоспа қаны кез-келген топтағы және организмінде ерекшелігі бар адамдардың қанын ауыстыруға қабілетті. ПАМ-3 полигемоглобині  арнаулы сақтау орнын қажет етпейтін, сонымен қатар кез-келген жарақат және ауру түрінде қабылдауға болатын биохимиялық қоспа ретінде ұсынылып отыр.

Бұдан бөлек, ғалымдар арнаулы оптикалық тасымалдаушы, яғни «мәңгілік» жад құрастыруды аяқтауда. Оның сыйымдалығын былай алғанда, жад ақпаратты жазуды, сақтауды тез жүзеге асыратын көрінеді. Бұл тасмалдаушыға сыртқы күш, сонымен бірге ешқандай радиация немесе  800 градусқа дейінгі температура әсер етпейтін көрінеді.

Ғажайып технология түрімен Менделеев атындағы Химиялық-технология университетінің мамандары айналысуда.

Дайындаған: Арафат Дербесұлы

 

Қатысты Мақалалар