Сенат «ЕАЭО туралы келісімді» ратификациялады 9 қазанда талқылайды

/uploads/thumbnail/20170708154703484_small.jpg

ҚР Парламенті Сенаты «Еуразиялық экономикалық одақ туралы Келісімді» 9 қазан күні жалпы отырыста ратификациялауды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Жоғарғы палатаның Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Талғатбек Абайділдин мәлімдеген. ҚазАқпраттың жазуынша комитет төрағасы: «9 қазанда өтетін Сенаттың жалпы отырысында  ЕАЭО туралы келісімді ратификациялау жоспарланып отыр. Мен Сенат отырысына құжаттың толық мәтінін енгізуді ұсынамын», - деп атап өткен. Оның мәліметінше,Үкімет атынан келісімді қорғау үшін ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев баяндама жасайды.

Eaeo

Естеріңізде болса, 1 қазан күні Парламент Мәжілісі аталған келісімді көп талқылап жатпай-ақ мақұлдап жіберген болатын. Бұған байланысты қазақстандықтар әлеуметтік желілерде өз наразылықтарын білдірген еді. Биылғы жылдың 29 мамырында қол қойылған «ЕАЭО құру туралы шарт» парламенттің ратификациялауынан өтсе, Президент қол қойғаннан соң жоспарланған одақ толықтай жұмыс істеу механизміне дайын болады. Яғни 2015 жылдың 1 қаңтарынан ЕАЭО өз жұмысын бастайды.

Қамшы-ақпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар