Өткен аптаның жұмасында, «Қамшы» порталы «Бердібектің бес кемшілігі және атақ пен аруақ таласы» атты мақала жариялаған еді. Ол материалда ШҚО әкіміне байланысты дат сөзбен қатар, Қозы-Баянның басы жатқан «Тарлаулы» ауылы Жұман Қожағапанов атына ауысуы мүмкін екені, оған жергілікті билік өкілдері мүдделі екені жазылған.
Белгілі журналист Жұмаш Кенебайдан «Қамшының» поштасына төмендегідей хат келіп түсті. Хат мазмұнында аталған мәселенің оң шешім тапқаны айтылған.
«Ақыры, әділеттілік жеңді!
ШҚО әкімі Б.Сапарбаев өзі басқаратын облыстық ономастика комиссиясының бұған дейінгі шешімінің күшін жоюға мәжбүр болды. Ол адамды тәубесіне келтірген Қазақстан Республикасы Президентінің аппараты болғанын жұрт айтып жүр. Республикалық «Егемен Қазақстан», «Дат» жобасы бойынша жарық көріп жатқан басылым, abai.kz, qamshy.kz сияқты қазақ тілді сайттар, «31» телеарна Қозы мен Баян кесенесіне ара түскенін, қалың оқырман жақсы білер деп ойлаймын
Сонымен бес жылдан астам уақыт бойы басы дауға қалған Қозы мен Баян кесенесі тұрған жер «әупіріммен» аман қалды. Қасиетті әруақтарға ауыз салғандардың тұмсығы тасқа тиді!..»
Журналисттің жазуынша Қозы мен Баянның ескерткіші орналасқан аумақ аты ауыспайтынын растайтын құжат – алдағы уақытта жарияланады.
Пікір қалдыру