Қытайда болған жер сілкінісі салдарынан 200 ғимараттың тас-талқаны шықты

/uploads/thumbnail/20170710060813494_small.jpg

5,5 магнитудалы жер сілкінісі 200 ғимаратты құлатты. Бірнеше адам қаза болды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

RT порталының мәліметінше, жер сілкінісі Қытайдың солтүстік-батысындағы Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында болған. Әзірге тек 8 адамның мәйіті табылды.

Жер асты дүмпулері Қашғар округінде сағат таңғы 05:58 шамасында сезілген (Астана уақытымен 03:58). Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметіне сүйенсек, жер асты дүмпулерінің ең қуатты магнитудасы 5,5 балл болды.

8 адам қаза тауып, 11-і жараланды. СУАР сейсмологиялық орталығы 200 ғимараттың тас-талқаны шыққанын хабарлайды.

Қазір оқиға орнында іздеу жұмыстары мен қираған ғимараттың үйінділерін жинау жалғасуда. 

Шолушы: Гүлім Жақан

Қатысты Мақалалар