Бүгiн Ақордада журналистерге берген сұхбаты барысында Аргентина Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкiлеттi елшiсi Пабло Ансельмо Теттаманти Қазақстанның Дүниежүзiлiк сауда ұйымына енуiне Аргентинаның қолдау көрсететiнiн бiлдiрдi, бұл туралы Bnews.kz хабарлады.

«Бiз Қазақстанның ДСҰ-ға кіруiн қолдаймыз. Бiз барлық мәселеде Қазақстан елiне қолдау көрсетпекпiз. Сонымен қатар, Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесiн жеңіп алғанымен құттықтағым келедi. Бұған қоса, мен спорт саласында тығыз қатынастар орнату мүмкiндiктерiн қарастырып отырмын», - деп пікір білдірген Аргентина елшісі өз сөзінде. Сондай-ақ ол Қазақстанның Мемлекеттiк хатшысымен күрделi пiкiр алмасу өткізгенін, 1 қарашадан бастап екi ел арасындағы қысқа мерзiмдi визаларға жоғары талаптардың жойылатынын айтқан.
Биыл Қазақстан Дүниежүзі сайда ұйымына мүше болуы мүмкін. Бұлай деп жыл басында Елбасы Қазақстанның аталған ұйымға мүше болуға толықтай дайын деп хабарлаған еді. Бірнеше апта бұрын АҚШ-та Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін қолдап, мәлімдеме жасаған болатын.
Қамшы-ақпарат