Елімізде екі атом электр станциясы салынады. Құрылысты бастау үшін арнайы құрылған жұмыс тобы Ақтау, Балқаш және Өскемен сияқты Қазақстанның 10 қаласын қарастырған көрінеді. Бұл туралы Nur.kz сайты «Жетінші арна» арнасына сілтеме жасап хбарлады.
Бұл жөнінде Энергетика министрлігіндегі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Тимур Жантикин мәлімдеген. Алайда станцияның құрылысы қашан, қайда салынаты жөнінде әлі нақты шешім қабылданбаған.
"Қазақстан Халықаралық Атом энергетикасы агенттігімен бірге бірнеше жобаны қолға алған болатын. Бірі Семейдегі полигон жабылғаннан кейін радиоактивті толқындардың бүгінде халыққа зиян келтірмейтіне көз жеткізу. Ал екіншісі, МАГАТЭ-нің көмегімен халықаралық деңгейдегі мамандар дайындау және соңғы жоба уранның мол қорына байланысты атом электр станцияларын салу", - деген өз сөзінде Марат Жантикин.
Қамшы-ақпарат