Тоқтар Жақаш. Кім сатқын?

/uploads/thumbnail/20170708154732850_small.jpg

Әй, осы депутаттарымызға босқа ренжиміз-ау. Бізде ең жоғарғы саяси шешімді қабылдайтын олар емес қой. Бір-ақ адам. Оны бәріміз білеміз. Ал депутаттар - "істе" дегенді істейтін, "істеме" дегенді істемейтін, мектепте сондай тәрбие алған тілағыш "балалар" ғана. Еуразиялық Одаққа қарсы әлеуметтік желіде ғана "батырмыз". Путиннің Атырауға босқа келмейтінін біліп отырдық. Көшеге шықпасақ та қоғам болып күшті қарсылық танытатын алаңқай ұйымдастыруымыз керек еді. Ол да қалды. Ал қоғам мешеулікпен үнсіз отырғанда - қарсы сөз айтып, доқ көрсететін қай депутаттың басы екеу еді? Олар емес. Бәріміз сатқынбыз. Отанды үнсіз келісіммен бәріміз сатып жібердік! Ең болмаса осыны мойындайықшы...

Ақорда

(Facebook-тегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар