Алдағы айда электронды Үкімет порталында жаңа «Жеке кабинет» іске қосылады. Еgov.kz әзірлеушілерінің айтуынша, жаңа «Жеке кабинет» үш негізі компоненттерден тұратын болады: «Дербес құжаттама», «Хабарлама» және «Азаматтың көмекшісі».
Атап айтқанда, «Дербес құжаттамада» азаматқа мемлекеттік деректер қорындағы ол туралы барлық ақпарат қолжетімді болады. Яғни онда аты-жөні мен куәлігінің нөмірінен бастап мекенжай тіркеуі мен отбасы жағдайы туралы, одан басқа, құжаттама жылжымайтын мүлік көлік құралдарының иесі жайында, әлеуметтік мәртебесі, сондай-ақ алынған лицензиялар туралы ақпарат қамтылады. Мемлекет азаматқа егер жеке куәлікті ауыстыру мерзімі жеткен жағдайда, айыппұл жазылған кезде және оны төлеу керек болғанда, сонымен қатар балабақшаға баланың кезегінің реті өзгерген жағдайда хабарлайтын болады.
ҚазАқпараттың жазуынша, жылдың аяғында пайдаланушының «Жеке кабинетіне» жылжымайтын мүлік құқық иесінің өзгергендігі туралы, көлік жүргізуші куәлігін ауыстыру және техникалық байқауды өту қажеттілігі туралы, балабақшаға баланың кезегінің жылжуы жайында және басқа да хабарлама келетін болады. Хабарлама сонымен қатар азаматтың электрондық поштасына және ұялы телефонына жіберіледі. Пайдаланушыға қолайлы болуы үшін оларды алуға қол қою немесе жазуға мүмкіншілік берілген. Алдағы уақытты egov «Жеке кабинетінің» жаңа мүмкіншіліктерін заңды тұлғаларда да пайдалана алатын болады.
Қамшы-ақпарат
