Ерсейт Әлім есімді Facebook қолданушысы видео жариялады. Қызылордадан баласын іздеп келіп, адасып кеткен анасы өз баласына керек болмай қалғанын айтады. Көз жасына ерік берген әйелдің қазір баратын жері, жейтін тамағы жоқ екен. Ананың зарлы әңгімесін видеоға түсіріп алған ер адам, әйел біраз уақыттан кейін белгісіз жерге қарай кетіп қалғанын айтып, оның баласын іздейтінін жазды.
"Мына кейуананы бүгін ауладан күтпеген жерден кезіктіріп қалдым. Адасып кеттім дейді. Қызылорда облысы, Шиелі ауданынан баламды іздеп келіп едім дейді. Бір апта болды келгеніме. Ішер тамақ, жатар жер жоқ, балам болса мені керекте етпейді деп кейуана көз жасын бір сығып алды. Балам Астанаға құрылысшы болып Абу Даби плазада (Abu Dhabi plaza) жұмыс жасаймын деп айтып еді. Балам осында келіп бізге айтпай үйленіп алыпты деп, көз жасына ерік берді. Жасым 50 де дейді. Күйеуім ертеректе қайтыс болды деп әңгімесін жылап ары қарай жалғастыра кетті. Мен осы балаларым үшін екінші рет тұрмыс құрмадым, үлкен ұлым да қайтыс болды. Арқа сүйер осы балам еді, бірақ бұл баламды сібір жақтың бір қызы басын айналдырып, үйіне кіргізіп алыпты деп айтады. Тас бауыр бала қалай ғана анасын тастап жүр екен деген ойға қалдым. Сосын мен кейуана ғана осы жерден қимылдамайды отыра тұрыңыз мен қазір келемін деп, қайта келсем ол орыннан таба алмадым. Баласының аты Руслан 1995 жылы туылған екен. Абу Даби плазада жұмыс жасайтын жігіттер болса, Русланды табуға көмектесіңіздерші. Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тумасы. 1995 жылы туылған. Біреулер ана мейірімін аңсап жүрсе, ал бұл Руслан қатын құмартып туған анасын далаға тастап жүр. Жігіттер!, бұлай жігіт болғанша, ана қадірін білетін мігіт болайықта" деп жазды Ерсейт Әлім өзінің Facebook парақшасына.
Пікір қалдыру