Қытай Жібек жолы бойындағы елдерге юаньмен сауда-саттық жүргізуді ұсынды

/uploads/thumbnail/20170710063820203_small.jpg

Қытай Жібек жолы қорына (ЖЖҚ) қосымша 100 млрд. юань (15 млрд-қа жуық доллар) бағыттайды. Бұл туралы «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы шеңберінде халықаралық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі  Форумның ашылуында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қытай   бастаманы жүзеге асыру үшін (Бір белдеу, бір жол) Жібек жолы қорына қосымша 100 млрд. юань құяды. Біз қаржы институттарын 300 млрд. юань шамасында бағаланған операцияларды юаньмен жүргізуге шақырамыз. Қытайлық даму банкі және Қытай ЭКСИМ-банкі сәйкесінше 200 млрд. юань және 130 млр.д юань мөлшерінде  инфрақұрылымдарды, өнеркәсіп қуатын және қаржыландыруды қолдаудың  арнайы кредиттеу схемасын құрады», – деді ол.

Еске сала кетсек, Қытай Жібек жолы қорына (ЖЖҚ) 2014 жылғы желтоқсанда «Бір белдеу, бір жол» стратегиясы шеңберінде жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық жобаларды қаржылай қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Осы уақытқа дейін оны капиталдандыру сомасы 40 млрд. долларды құрады.

Форумға 29 мемлекет, 3 халықаралық ұйым  (БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры) басшыларымен бірге Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.

Форумның басты мақсаты – ынтымақтастықты жандандыру бағыттарын талқылау, өзара іс-қимыл платформаларын қалыптастыру және ынтымақтастық нәтижелері бойынша тәжірибе алмасу.

Іс-шарада инфрақұрылымдық байланыс, сауда-экономикалық ынтымақтастық, өнеркәсіптік инвестициялар, энергетика мен ресурстар, қаржылық қолдау, қоршаған ортаны қорғау сияқты маңызды мәселелер талқылануда.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар