Н.Ермекбаев АҚШ комиссия төрағасымен терроризмге қарсы әрекет ету мәселелерін талқылады

/uploads/thumbnail/20170710064035830_small.JPG

2017 жылы 10-12 мамырда ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Америка Құрама Штаттарында (Вашингтон, Нью-Йорк қалаларында) ресми жұмыс сапармен болды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Министр жұмыс сапары аясында бірнеше кезесулерге қатысты. Соның ішінде, Вашингтон қаласында Халықаралық діни бостандық жөніндегі АҚШ-тың комиссияның төрағасы қасиетті Томас Дж. Ризбен кездесті. Кездесу барысында тараптар АҚШ пен Қазақстандағы діни ахуал туралы пікір алмасты.

Н. Ермекбаев Халықаралық діни бостандық жөніндегі АҚШ-тың комиссияның төрағасы Томас Дж. Ризбенге Қазақстанға қызығушылық танытқаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, өзара сенім мен құрметке негізделген конструктивті және ашық диалог үшін дайын екендігін білдірді.

Сондай-ақ, Вашингтон қаласында Демократияландыру, адам құқықтары және еңбек жөніндегі мемлекеттік хатшысының көмекшісі міндетін атқарушы Виктория Беннеттпен, Діни азшылдық мәселесі бойынша арнайы кеңесші Нокс Темзбен, Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша  АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі міндетін атқарушы Уильям Тоддпен және Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша  АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісінің орынбасары Дениэл Розенблюммен кездесті.

Кездесуге қатысушылар азаматтық секторыдың дамуының кейбір аспектілерін, сондай-ақ терроризмге қарсы әрекет ету мәселелерін талқылады.

«Қазақстан барлық формалары мен көріністерінде терроризмді айыптайды және бұл құбылысқа қарсы күресте бірлескен әлемдік қоғамдастықтың ұжымдасқан шешімін қолдайды», - деді Н.Ермекбаев.

Дін істері және азаматтық қоғам министрі «Қазақстан-2050» Стратегиясында, Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттермен таныстырды.

АҚШ Мемлекеттік Департаменті өз кезегінде Қазақстанның азаматтық қоғам институттарының қызметін реттейтін құқықтық базаны жетілдірудегі ұмтылысын жоғары атап өтіп, халықаралық стандартқа сәйкес адамның құқықтары мен бостандықтарының ары қарай сақтала беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, жұмыс сапары аясында Н.Ермекбаев Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша АҚШ Президенті Кеңесшісінің орынбасары Лиза Кертис пен АҚШ Орталық Азия істері жөніндегі Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің директоры Дэвид Гэмблмен кездесті.

Кездесулер барысында қатысушылар халықаралық терроризм мәселелерін, сонымен бірге оның алдын алу мақсатында жекелеген мемлекеттер мен халықаралық қауымдастық жүргізіп жатқан жұмыстарды талқылады. Қазақстанның Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті.

Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары аясында «Дін бейбітшілік үшін» атты Әледік конференцияның бас хатшысы Уильям Вендли мен и «Intersections International» діни ұйымның экс-директоры Роберт Чейзбен кездесті.

12 мамырда министр Н.Ермекбаев «Дінаралық және этносаралық диалог мемлекеттік құрылыстың маңызды құрамы ретінде» тақырыбында өткен брифингке қатысты. Брифинг БҰҰ жанындағы ҚР Тұрақты Өкілдігінің ұйымдастыруымен өтті. Брифинг жұмысында БҰҰ аккредитациялаған үкіметтік емес ұйымдардың, БҰҰ ресми құрылымдардың, БҰҰ мүше елдерден келген делегация өкілдері, эсперттер мен бұқара ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Іс-шарада этносаралық және конфессияаралық қатынастардың мәселелері талқыланды. Қатысушылар Қазақстанның бейбітшілік пен тұрақтылықтың басты шарты болып табылатын түрлі мәдениеттер мен діндердің арасындағы ашық диалогты орнатудағы талпынысын атап өтті.

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар