Сүйінші, Қазақ елі! Даусы майдай жағатын, көңілді баурап алатын жезтаңдай әнші Қарақат Әбілдина қыз баланың анасы атанды. 4 ұлдан соң дүниеге көптен күткен қырдың гүліндей қыз келді.
«Жүрегім қуанышқа толып, Алла бере салған Бақыттың "іңгәсін" естіп, кішкене абдырап,түс көріп жатқан жоқпын ба десем, ояумын, қызық та қуанышты,өң мен түс араласып кеткендей, бақыттың "нокдаун"-нан есеңгіреп қалғандай, ғажап бір хәлдемін. Бәріңізбен бөліскім келеді! Қазақтың шексіз Ұлы даласына жар салып,айқайлағым келеді! Сіздерге де осындай шексіз бақыт тілеймін! Аллаға сансыз мадақ айтамын! Мейірімді Алла берекесімен бергей! Жүрегiн иман нұрымен нұрландырып, өзін де, мінезін де көркімен, ұзақ ғұмырымен, баянды Бақытымен, өзінің сүйікті құлдарының қатарынан етіп,екі өмірдің абыройын нәсіп еткей ! Барлық періште-сәбилерге де тілегім осылай...», - деп жазды қуанышы қойнына сыймаған Қыдырәлі Болманов.
Қазақтың үлгі тұтар отбасының қуанышына ортақтасып, қыздары халқының ардақтысы болып өссін деген тілегімізді білдіреміз.
Шолушы: Гүлім Жақан
Пікір қалдыру