Егер сіз Шерлок Холмсты немесе ол тұрған Бейкер Стрит атты көшені білмейтін адам бар деп айтсаңыз біз оған сене алмас едік. Бұл кейіпкер бұрыннан танымал болып көптеген авторлардың кейіпкеріне айналған. Соның ішінде Конан Дойль атты жазушының Шерлок Холмс туралы әңгімелеріндегі оқиғаларды шынайы өмірде болған деп ойлайсыз. Бұл шығармада адамның ойына кіріп-шықпайтын баяндаулар мен оқиғалар бар.
Шығарманың қай жері болған, қай жері ойдан шығарылған оқиға екенін біле алмайсыз. Өзіңіз ойлап көріңіз, әрбір 5- британдық адам Шерлок Холмс өмірде болған деп ойлайды, ал қалғандары оның өмірде болғанын қалайтыны да жасырын емес.
Оны өмірде болған деп есептеунің себебінің бірі оған арналып салынған мұражай болып табылады. Конан Дойл Шерлок Холмс туралы жазған кезде Бейкер Стриттегі үйдің нөмірлері 100- бен аяқталған. Еске сала кететін болсақ Шерлок Бейкер Стриттегі 221б нөмірлі үйде тұрған. Бұл үй негізінен 239 нөмірлі екен, тек шығармада үйдің нөмірі өзгертілген. Аталған үйдің шынайы иесі осыған байланысты көп мәселелерге тап болған екен.
Бұл үйде тұрған Abbey National атты құрылыс компаниясы Шерлок Холмсқа келген хаттарды жинақтау үшін арнайы қызметкер жалдаған екен. Себебі хаттардың саны өте көп болған. Аталған жерде қазіргі кезде Шерлок Холмастың мұражайы орналасқан.
Метроның жанында Шерлок Холмсқа арналған ескерткіш бар.
Сол жерді анықтап қарасаңыз бағдаршаны көресіз. Сол арқылы жүріп отырсаңыз мұражайға жетесіз. Егер сіз мұражай ашылған уақытта немесе жабалайын деп жатқанда келсеңіз жалғыз өзіңіз асықпай көруіңізге мүмкіндік болады. Сонымен бірге жаңбырлы күні келіп араласаңыз да керемет әсер алып шығасыз.
Шерлок Холмастың үйі 1815 жылы салынған. Барлық бөлмелері Конан Дойл суреттегендей жасалған. Бірде бір зат кездейсоқтықтан орналаспаған. Сонымен бірге мұражайда Шерлоктың рөлін сомдаған актер Ливановтың суреті де бар. Василий Ливанов 2006 жылы Британдық империяның орденімен марапатталған екен.
Англияның патшайымы совет кезіндегі Шерлок Холмс туралы бұл кино туындыны ең үздік екенін айтып мойындаған. Сондықтан болар, бұл мұражайда Шерлок Холмс пен дәрігер Ватсонның шытырман оқиғасы кинофильміндегі музыка қойылып тұрады.
Мұражай 4 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта сувенирлер сатып алуға болады, билет сататын касса орналасқан.
Екінші қабатта қонақ бөлме, Шерлоктыі жатын бөлмесі бар. Бұл мұражайды салған адамдардың біраз тер төккендері байқалып тұр. Шерлоктың скрипкасы мен Дәрігер Ватсонның револьвері, сонымен бірге химиялық лабораторияны да көруге болады. Мұражайда креслода отырып жанып тұрған каминаның қасында жылынып(камина) алуға да болады. Шерлок Холмстың немесе дәрігер Ватсонның бас киімдерін киіп суретке түсуге болады. Бұл суретке барлық таныстарыңыздың қызыға да қызғана да қарайтыны анық. Айта кететін болсақ суретке немесе видеоға түсу тегін.
Үшінші қабатта Шерлок Холмстың ең жақын досы мен көмекшісі болған дәрігер Ватсон мен мисис Хадсонның бөлмелері орналасқан. Дәрігер Ватсонның жатын бөлмесінен медицинаға байланысты бірнеше кітаптарды көре аласыз.
Төртінші қабатта алғашында әжетхана мен қойма орналасады деп жоспарланған. Бірақ Шерлок туралы туындыдағы басқа да кейіпкерлерге арналған естеліктер бар. Бұл қабаттан Ирен Адлер, дәрігер Ройлотта және де көпке белгілі Мориарти мен қабырғаға ілінген Баскервилей атты иттің басын көруге болады.
Сөз соңында айтарымыз егер сіз атақты Шерлок Холмсты жақсы көретін болсаңыз аталған мұражайға барып аралауды ұсынамыз. Бұл мұражайды аралап сіз керемет әсер мен естеліктерге ие боласыз.
Дайындаған: Әсел Өтешова
Пікір қалдыру