Дүниежүзіне танымал болуды армандайтындар бар. Алайда Қамшы ақпараттық агенттігі назарларыңызға ұсынып отырған адамдар олардың қатарынан емес. Олардың кейбірі физикалық жетіспеушілігінің арқасында танылса, енді бірі жантүршігерлік апаттан кейін тірі қалып халыққа белгілі болды.
Карлос Родригес өз ақымақтығының арқасында зардап шекті. Ол алкогольді ішімдікке сылқыя тойып, есірткі пайдаланып көлікке отырған. Соның нәтижесінде ірі жол апаты болды. Карлос Родригес көліктің алдыңғы терезесінен ұшып шығып, басымен асфальтқа ұрған.
Пол Карасон көк түсті болып туылмаған. 15 жыл бұрын терінің қабынуын коллоидты күміспен емдемек болып, нәтижесінде аргирия болған. Адам ағзасында үзақ уақытқа күміс жиналса дененің түсі көгілдір түске енеді. Көк түсті адам 62 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды.
Билли Оуэн механик болып жұмыс істеген. Ол онкологиялық ауруға шалдыққанда, өмірі толығымен өзгерді. Рак жасушалары мұрын қуысында өрши түскендіктен дәрігерлер бетінің оң жақ бөлігіндегі көз алмасымен қоса нерв жүйесін және мускулдарды алып тастады.
Бір көзімен Билли Оуэн бұрынғы жұмысын істей алмайды. Алайда қазір Биллиді режиссерлер қорқынышты фильмдерде зомбидің ролін ойнауға көптеп ұсыныс жасайтын болған. Оны шоу бағдарламаларға да жиі шақырады.
Дайындаған: Әсем Әлмұханбет