Грузия президенті Георгий Маргвелашвили қазан айының соңында Жапонияға сапары кезінде Токио басшылығынан өз мемлекетін басқаша атауды сұрамақ, бұл туралы «Российская газета» басылымына сілтеме жасап Bnews.kz жазды.
Грузия елінің Ресейден кірген «Гурудзия» (орыс тіліндегі «Грузия» сөзі) атауымен аталуына ел басшылығы қарсы шығып, америкалықтар сияқты «Джорджия» деп аталуын қалайды. Тбилиси басшылығы Балтық жағалауындағы елдердің билік орындарымен байланысып, орыстардан калька етіп алынған «Грузия» атауымен атамауды сұрап отыр. Елдің сыртқы істер министрі Майя Панджикидзенің айтуынша, қазір осы бағытта қыруар жұмыстар атқаралып жатыр. «Тбилиси билігі өз дегеніне әйтеуір бір жетпей-қоймайды», - депті осы елдің министр ханымы.

Айта кетсек, Грузия ағылшын тілінде «Georgia» болып жазылады. Түріктер Грузияны Гүржістан деп атайды. Қазақстан болса посткеңестік елдермен бірдей Грузия деп атайды.

Қамшы-ақпарат