Ресей президентінің экономикалық кеңесшісі Батыстың Мәскеуге қарсы санкцияларды күшейту ықтималын теріске шығармады. ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Иран Қазақ радиосының жазуынша, Сергей Глазьев сейсенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: "Ресейге қарсы Батыстың санкцияларының күшейтілуі үшін негіздер бар". Украинадағы дағдарыс және сол тұрғысындағы Батыс пен Ресейдің пікір қайшылығы екі тарап арасындағы текетіресті арттырып, саяси қақтығыстардың артуымен олардың арасындағы экономикалық кикілжіңді де өрістетіп отыр. Батыс елдері Ресейге қысымды арттыру және осы елдің Украинаға қатысты позициясын өзгерту мақсатында осы уақытқа дейін Мәскеуге қарсы санкцияның бірнеше кезеңін жүзеге асырды», - деп өз пікірін айтқан.
Қамшы-ақпарат