Келер жылдан бастап террористік және экстремистік ұйымдар тізімі қайта жасалады

/uploads/thumbnail/20170708154738530_small.jpg

Бұл туралы «31 арна» хабарлады. Елімізде терроизммен күреске байланысты заңдар күшейтіледі. Соған байланысты енді лаңкестерге Қазақстанға  келер жол мүлде жабылады. Бас прокуратура дайындап жатқан жаңа заңға сәйкес, терроризм және экстремизмге қатысы бар шетелдіктер ел аумағына кіргізілмейді. Бұл міндет Ұлттық қауіпсіздік қызметі мойнында. Ал отандастарымыздың өзге елге барып лаңкестердің қатарына қосылмасы үшін, құқық қорғаушылар шекара асатын кезде мұндай әрекетке барғандардың қатаң жазаланатынын ескертпек. Бұған дейінгі заңнамаларда мұндай бап қарастырылмаған екен. Қазіргі таңда Сирия сынды шиеленіс болып жатқан елдерде әскери қақтығыстарға атсалысып жатқан азаматтарымыз бұрынғы заң бойынша жауапкершілікке тартылады.

Бас ҚР прокурорының орынбасары Жақып Асановтың мәлімдеуінше келер жылдан бастап террористік және экстремистік ұйымдардың тізімі елімізде қайта жасалды. Тізімді арнайы құзырлы орган жүргізетін болады. Оған барлық қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Онда экстремизмге, терроризмге қатысы бар деген кісілердің толық тізімі болады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар