WhatsApp 22 миллиард долларға сатылды

/uploads/thumbnail/20170708154739301_small.jpg

WhatsApp мессенджері 22 миллиард долларға сатылды. Nur.kz сайты хабарлауынша, оны Facebook әлеуметтік желісі ресми сатып алған. Әуелде WhatsApp 19 миллиард долларға сатылады деп жоспарланған. 6 қазандағы келісімге сай жоспардан 3 миллиардқа артық сомаға шарт жасалынған. WhatsApp-тың қолданыстағы барлық акциялары мен опциондары жабылды. Facebook бұл мәміле үшін өз акцияларымен қатар 5 миллиард долларға жуық қаржы төлеген.

WhatsApp - әлемдегі ең ірі әрі танымал мобильді мессенджер. Оның көмегімен ұялы телефон қолданушылары бір-бірімен хабарлама, сурет, бейнежазбалар сондай-ақ, дыбыс файлдарымен жылдам ауыса алады. Қазіргі кезде әлем бойынша WhatsApp тұтынушылары 500 миллиондай.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар