Ұлыбритания қаласында тұратын егіздер бүкіл халықты өздеріне қаратты деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Олар 1997 жылы дүниеге келген. Олардың әкесі ақ нәсілді болса, анасы қара нәсілді болған екен. Егіздерді көбісі құрбылар деп ойлайды.

«Біз егізбіз десек ешкім сенбейді. Себебі мен ақпын, Мария қара. Тіпті біз бірдей киінсек те кәдімгі апалы-сіңлі секілді деп те ойламайды»,- деп түсіндіреді Люси.

Егіздердің анасы Донна Дуглас егіздерді дүниеге әкелген сәтті ешқашан ұмытпайтынын айтқан. Ол алғашында егіздерді көрген кезде ол таңқалысын жасыра алмаған.

Олардың бет бейнесі ғана емес мінез-құлықтары да бір-біріне мүлдем сай келмейді.

Люси шығармашылыққа бейім екен. Ол Глоретера колледжінде дизайн мамандығында оқып жатыр. Ал Мария болса психологияға қызығушылық танытып,Челтнемдегі коледжде психология мен заң мамандығы бойынша оқиды екен.

Дайындаған: Әсел Өтешова