Британдық билік өркендеп тұрған тұстан-ақ Гонконг табыс пен өркендеудің символы болған. Экономикасы өркендеп дамыған елдердің қатарынан да орын алған Гонконг қаржы бойынша да ешкімнен кем емес. Алайда әдемі өмірді жергілікті жерлердің барлығы сүріп жатқан жоқ, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.




Гонконгты мекен еткен 7,3 млн. тұрғынның 200 мыңы subdivided flats аталатын жантүршігерлік тұрмыстық жағдайда өмір сүруде. Жаз мезгілінде бұл жерде ауа температурасы 40 градусқа жетеді. Ал бұл жердегі «үйлерде» терезе де, салқындатқыш та жоқ. Соған қарамастан бұл жерді мекен еткен тұрғындардың саны күннен-күнге өсуде. Өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға өскен. Оның ішінде 35,5 мың тұрғын балалар мен жасөспірімдер.



Гонконгтық лашықтарды мекен еткендерді бақытты деп санайтындар да табылды.


Мыңдаған қала тұрғындары көшелерде түнеуде. Пластик пен картон кесінділерінен үйшік жасап тұруға мәжбүр.
Дайындаған: Айгерім Таубай